Капитандарды таңдау
Шешімді жөнелту
Ұпайлар:
100 (partial)
Уақыт шектеуі:
1.0s
Жад шектеуі:
256M
Author:
Problem type
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Java, Pascal, Perl, Python, Sed, Text
Үш капитан бар — Али, Батыр және Айбар — және \(n\) ойыншы, оларды кезек-кезек командаға таңдайды.
Ойыншыларды таңдау тәртібі келесідей:
Алдымен Али таңдайды, содан кейін Батыр, сосын Айбар.
Содан кейін — қайтадан Айбар, кейін Батыр, сосын Али.
Келесіде қайтадан: Али, Батыр, Айбар.
Сосын қайтадан: Айбар, Батыр, Али.
Және осылайша, әр үш таңдау сайын «алға» және «артқа» ауысып отырады.
Осылайша, капитандар ойыншыларды келесі тәртіппен таңдайды:
Али, Батыр, Айбар, Айбар, Батыр, Али, Али, Батыр, Айбар, Айбар, Батыр, Али, …
Сіздің міндетіңіз — соңғы ойыншыны кім таңдайтынын анықтау.
Енгізу
Кіріс бір бүтін сан \(n\) \((1 \le n \le 10^9)\) — ойыншылардың саны.
Шығару
Соңғы ойыншыны таңдайтын капитанның аты: Ali, Batyr немесе Aibar — бір сөзді шығарыңыз.
Бағалау жүйесі
| Ішесеп | Қосымша шектеулер | Ұпайлар | Қажетті ішесептер |
|---|---|---|---|
| \(1\) | \(n \le 8\) | \(30\) | — |
| \(2\) | \(n \le 1000\) | \(30\) | \(1\) |
| \(5\) | Қосымша шектеулерсіз | \(40\) | \(1,2\) |
Мысалдар
Енгізу 1
4
Жауап 1
Aibar
Енгізу 2
8
Жауап 2
Batyr
Пікірлер