"Kazgram" әлеуметтік желісі


Шешімді жөнелту

Ұпайлар: 100 (partial)
Уақыт шектеуі: 1.0s
Жад шектеуі: 256M

Author:
Problem type
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Java, Pascal, Perl, Python, Sed, Text

"Kazgram" әлеуметтік желісінде \(N\) қолданушы тіркелген, олардың нөмірлері \(1\)-ден \(N\)-ге дейін. Қолданушылар бір-біріне жазыла алады немесе жазылымнан бас тарта алады.

Сізге \(Q\) операциясы беріледі, олардың әрқайсысы үш санмен сипатталады: \(T_i, A_i, B_i\) \((1 \leq i \leq Q)\):

  • Егер \(T_i = 1\) болса, \(A_i\) қолданушысы \(B_i\) қолданушысына жазылады. Егер ол бұрыннан жазылған болса, ешқандай өзгеріс болмайды.

  • Егер \(T_i = 2\) болса, \(A_i\) қолданушысы \(B_i\) қолданушысынан жазылымнан бас тартады. Егер ол жазылмаған болса, ешқандай өзгеріс болмайды.

  • Егер \(T_i = 3\) болса, \(A_i\) және \(B_i\) өзара жазылған ба, соны тексеру керек. Егер \(A_i\) қолданушысы \(B_i\)-ге жазылған және керісінше, Yes басып шығарыңыз. Әйтпесе, No басып шығарыңыз.

Бастапқыда ешбір қолданушы ешкімге жазылмаған.

Енгізу

Бірінші жолда екі бүтін сан \(N\) және \(Q\) \((2 \leq N \leq 10^9, 1 \leq Q \leq 2 \cdot 10^5)\) беріледі. Келесі \(Q\) жолдың әрқайсысында үш сан: \(T_i, A_i, B_i\) \((1 \leq A_i, B_i \leq N, A_i \neq B_i)\).

Кемінде бір \(T_i = 3\) операциясы болатыны кепілдендірілген.

Шығару

Барлық \(T_i = 3\) операцияларына сәйкес жауаптарды шығарыңыз. Әр осындай операция үшін, егер жазылым өзара болса, Yes, әйтпесе No шығарыңыз.

Бағалау жүйесі

Сабтаск Шектеулер Ұпай
1 \(2 \leq N \leq 10\), \(1 \leq Q \leq 20\) 20
2 \(2 \leq N \leq 100000\), \(1 \leq Q \leq 50000\) 30
3 \(N \le 10^9\), \(Q = 200000\) 50

Мысалдар

Енгізу 1
2 4
1 1 2
3 1 2
1 2 1
3 1 2
Жауап 1
No
Yes

Пікірлер

Қазіргі уақытта ешқандай пікір жоқ.