Кібісе жылы
Берілген жыл кібісе жыл екенін анықтау керек. Еске салайық, егер оның саны 4-ке бөлініп, бірақ 100-ге бөлінбесе, немесе 400-ге бөлінсе жыл кібісе жыл болып табылады. Мысалы, 2024, 2000, 1904 — кібісе жылдар, ал 2023,2010,2100,1900 — кібісе жылдар емес.
Енгізу
Жалғыз жолда бір бүтін сан беріледі — жылдың нөмірі(Сан 9999-дан аспайды).
Шығару
Егер берілген жыл кібісе жыл болса, онда «Yes» деп шығарыңыз, болмаса «No» деп шығарыңыз.
Мысалдар
Енгізу 1
2024
Жауап 1
Yes
Енгізу 2
2023
Жауап 2
No
Пікірлер