Максимумды тап
«logisFED» логистикалық компаниясының қоймасында екі қатар қорап бар: біріншісінде \(A_1, A_2, \ldots, A_N\) деген бағалармен, ал екіншісінде \(B_1, B_2, \ldots, B_N\) деген бағалармен таңбаланған. Бұл сандар — қорап ішіндегі заттың құндылығын білдіреді.
Бүгін құпия тапсырыс келіп түсті. Клиент екі қорапты таңдауды сұрайды: біреуін бірінші қатардан, екіншісін — екінші қатардан. Оны тек осы екі қораптың жалпы құндылығы \(A_i + B_j\) ғана қызықтырады.
Компания тапсырысты мүмкіндігінше жақсы орындағысы келеді — жалпы құндылықты максималды ететін жұпты таңдауы керек.
«logisFED» қызметкерлеріне ең тиімді жұпты таңдауға көмектесіңіз.
Енгізу
Бірінші жолда бір бүтін сан \(N\) \((1 \leq N \leq 5 \times 10^5)\).
Екінші жолда \(A_1, A_2, \dots, A_N\) \((-10^9 \leq A_i \leq 10^9)\) бүтін сандары.
Үшінші жолда \(B_1, B_2, \dots, B_N\) \((-10^9 \leq B_i \leq 10^9)\) бүтін сандары.
Шығару
Бір бүтін санды шығарыңыз — \(A_i + B_j\) максималды мүмкін мәні.
Бағалау жүйесі
Мысалдар
Енгізу 1
2
-1 2
4 -5
Жауап 1
6
Пікірлер