Мектепке
№1 мектепте тәртіп пен жауапкершілікті жоғары қоятын мұғалім — Әділ жұмыс істейді. Ол әрқашан өз сыныбындағы тәртіпті бақылап, барлық оқиғаны мұқият тіркеп отырады.
Бүгін ерекше күн болды: сыныптағы \(N\) оқушы (әрқайсысының нөмірі \(1\)-ден \(N\)-ге дейін) сыныпқа әртүрлі уақытта, бір-бірлеп кірді. Әр оқушы кірген сәтте, Әділ сыныптағы оқушылардың жалпы санын (жаңа кірген оқушыны қоса есептеп) жазып отырды.
Ол бұл бақылауларды \(A\) массивіне тіркеді, мұнда \(A_i\) — \(i\) нөмірлі оқушы кірген кезде сыныпта болған оқушылар саны.
Барлық оқушылар сыныпқа кіріп болған соң, Әділ олардың нақты қандай ретпен кіргенін білгісі келеді. Сізден сұралатыны — массив \(A\) бойынша оқушылардың сыныпқа кіру ретін анықтау.
Енгізу
Бірінші жолда \(N\) бүтін саны — оқушылар саны \((1 \leq N \leq 10^5)\).
Екінші жолда \(N\) бүтін саны \(A_1, A_2, \dots, A_N\) — \(i\) нөмірлі оқушы сыныпқа кірген сәтте сыныптағы оқушылар саны \((1 \leq A_i \leq N, A_i \neq A_j \text{ егер } i \neq j)\).
Шығару
Оқушылардың сыныпқа кірген ретін шығарыңыз.
Бағалау жүйесі
| Топ | Шектеу (\(N\)) | Ұпай |
|---|---|---|
| 1 | \(N \leq 10\) | 30 |
| 2 | \(N \leq 100000\) | 70 |
Мысалдар
Енгізу 1
3
2 3 1
Жауап 1
3 1 2
Енгізу 2
5
1 2 3 4 5
Жауап 2
1 2 3 4 5
Пікірлер