Kalashnikov шифры
Kalashnikov-те тек қана кіші латын әріптерінен тұратын \(S\) жол бар. Осы жолда ол төмендегі операцияны тек бір рет жасайды:
Алдымен, нөлден кіші емес \(K\) бүтін санын таңдайды.
Содан кейін \(S\)-тегі әр әріпті \(K\)-ға оңға ығыстырады (төмендегі ережеге сай).
Мұнда:
\(a\)-ны 1 оңға ығыстырғанда \(b\);
\(b\)-ны 1 оңға ығыстырғанда \(c\);
\(c\)-ны 1 оңға ығыстырғанда \(d\);
\(\ldots\)
\(y\)-ны 1 оңға ығыстырғанда \(z\);
\(z\)-ны 1 оңға ығыстырғанда \(a\).
Мысалы:
\(b\)-ны 4 оңға ығыстырғанда \(f\);
\(y\)-ны 3 оңға ығыстырғанда \(b\).
Сізге \(T\) жолы берілген. Kalashnikov \(S\)-ті жоғарыдағы операция арқылы \(T\)-ге тең қыла алады ма, жоқ па, соны анықтаңыз.
Енгізу
Енгізу екі жолдан тұрады:
\(S\) — тек кіші латын әріптерінен тұратын жол (\(1 \leq |S| \leq 10^5\)).
\(T\) — \(S\)-пен бірдей ұзындықтағы тек кіші латын әріптерінен тұратын жол.
Шығару
Егер \(S\)-ті \(T\)-ге түрлендіру мүмкін болса, Yes басып шығарыңыз. Әйтпесе, No басып шығарыңыз.
Бағалау жүйесі
Барлық тесттер 4 топқа бөлінген. Әр топта бірнеше тест бар. Егер сіз бір топтағы барлық тесттерді сәтті өткізсеңіз, 25 ұпай аласыз. Осылайша, максималды ұпай саны — 100.
Мысалдар
Енгізу 1
abc
ijk
Жауап 1
Yes
Енгізу 2
z
a
Жауап 2
Yes
Енгізу 3
ppq
qqp
Жауап 3
No
Пікірлер