3ке бөлу
\(N\) бүтін саны беріледі. \(N\) саны 3ке қалдықсыз бөліну үшін, ең кем дегенде неше цифрасын өшіріп тастау қажет?
Енгізу
Жалғыз жолда \(N\) бүтін саны беріледі(\(10 \le N \le 10^9\)). Берілген \(N\)-нен 3-ке қалдықсыз бөлінетін сан алуға болатынына кепілдік беріледі.
Шығару
Есептің жауабын шығарыңыз.
Мысалдар
Енгізу 1
12
Жауап 1
0
Енгізу 2
148
Жауап 2
1
Енгізу 3
10
Жауап 3
1
Ескертпелер
Бірінші мысалда \(N=12\). \(12\) саны \(3\)ке қалдықсыз бөлінеді, сол себептен жауап \(0\) болады.
Екінші мысалда \(N=148\). Егер одан \(4\) цифрын өшіріп тастасақ, біз \(18\) санын аламыз, ал ол \(3\)ке қалдықсыз бөлінеді. Сол себептен жауап \(1\) болады.
Пікірлер