Ақылы автотұрақ
Автотұрақта бірінші сағаттың бағасы \(100\) теңге. Екінші сағаттан бастап әр сағаттың бағасы \(50\) теңге. Автотұраққа көлікті \(N\) сағатқа қалдырудың бағасы қанша болады?
Енгізу
Жалғыз жолда \(N(1 \le N \le 24)\) бүтін саны берілген.
Шығару
Есептің жауабын шығарыңыз.
Мысалдар
Енгізу 1
3
Жауап 1
200
Ескертпелер
Бірінші мысалда \(N = 3\). Бірінші сағаттың бағасы \(100\) теңге, екіншінің бағасы - \(50\) және үшінінің бағасы - \(50\). Үш сағатқа қалдыру \(100 + 50 + 50 = 200\) теңге болады.
Пікірлер