Олимпиада
Шешімді жөнелту
Ұпайлар:
100 (partial)
Уақыт шектеуі:
1.0s
Жад шектеуі:
256M
Author:
Problem types
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Go, Java, Kotlin, Pascal, Perl, PHP, Python, Sed, Text
Қалаш олимпиадада \(N\) қатысушыны екі бөлмеге бөліп отырғызуы керек. Кейбірі бір-бірімен таныс, сондықтан оларды бір бөлмеге отырғызуға болмайды. Осындай \(M\) жұп берілген. Мұндай бөлу мүмкін бе, мүмкін болса кез келген жарамды бөліністі шығарыңыз.
Енгізу
Бірінші жолда екі бүтін сан: \(N\) және \(M\) (\(1 \le N \le 2 \cdot 10^5\),
\(0 \le M \le 2 \cdot 10^5\)).
Келесі \(M\) жолда \(u\) \(v\) жұптары беріледі (\(1 \le u, v \le N\),
\(u \ne v\)) және олар әртүрлі бөлмеде болуы керек.
Шығару
Егер бөлу мүмкін болмаса,
NO шығарыңыз.
Әйтпесе YES
және \(N\) бүтін саннан тұратын жолды шығарыңыз, мұнда \(i\)-ші сан \(i\)-ші
қатысушының бөлмесін (1 немесе 2) көрсетеді.
Бағалау жүйесі
| Топ | Қосымша шектеулер | Ұпай | Қажетті топтар |
|---|---|---|---|
| 1 | \(N \le 20\) | 20 | — |
| 2 | Граф — бір цикл: \(M = N\), граф байланысқан, әр төбенің дәрежесі 2 | 30 | 1 |
| 3 | Толық шектеулер | 50 | 1, 2 |
Мысалдар
Енгізу 1
4 3
1 2
2 3
3 4
Жауап 1
YES
1 2 1 2
Енгізу 2
3 3
1 2
2 3
1 3
Жауап 2
NO