Лифттер


Шешімді жөнелту

Ұпайлар: 1
Уақыт шектеуі: 1.0s
Жад шектеуі: 256M

Author:
Problem types
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Go, Java, Kotlin, Pascal, Perl, PHP, Python, Sed, Text

Мансурдың үйінде екі лифт жұмыс істейді. Бірінші лифт қазіргі уақытта \(A\) қабатында, екінші — \(B\) қабатында. Мансур \(C\) қабатында тұр.

Бірінші лифт бір қабатқа өту үшін \(T_1\) секунд, екінші — \(T_2\) секунд уақыт жұмсайды. Лифттер шақырылғаннан кейін дереу қозғала бастайды және бірқалыпты жүреді. Есіктін ашылу және жабылу уақыттары есепке алынбайды.

Қазіргі уақытта екі лифт те бос және ешқайда қозғалып жатқан жоқ.

Қай лифтті шақыру тиімдірек екенін анықтау қажет. Егер бір лифт екіншісінен бұрын келсе, оны таңдау керек. Егер екі лифт бір уақытта келсе, Мансур бірінші лифтті шақырады (оның шақыру батырмасы жақынырақ орналасқан).

Енгізу

Бір ғана жолда бес бүтін сан \(A\), \(B\), \(C\), \(T_1\), \(T_2\) (\(1 \le A, B, C \le 10\), \(1 \le T_1, T_2 \le 10\)) — бірінші лифттің қабаты, екінші лифттің қабаты, Мансурдың қабаты, бірінші лифтпен бір қабатқа өту уақыты және екінші лифтпен бір қабатқа өту уақыты сәйкесінше.

Шығару

Бір бүтін сан шығарыңыз — шақыру керек лифттің нөмірі: \(1\) немесе \(2\).

Мысалдар

Енгізу 1
3 5 4 2 3
Жауап 1
1
Енгізу 2
1 2 3 1 1
Жауап 2
2
Енгізу 3
5 5 5 8 1
Жауап 3
1

Ескертпелер

Бірінші мысалда бірінші лифт \((4-3) \cdot 2 = 2\) секундта келеді, екінші — \((5-4) \cdot 3 = 3\) секундта келеді. Бірінші лифт тезірек келеді.

Екінші мысалда бірінші лифт \((3-1) \cdot 1 = 2\) секундта келеді, екінші — \((3-2) \cdot 1 = 1\) секундта келеді. Екінші лифт тезірек келеді.

Үшінші мысалда екі лифт те Мансурдың қабатында, сондықтан екі лифттің күту уақыты нөлге тең. Бұл жағдайда бірінші лифт таңдалады.