Артық үшінші
Шешімді жөнелту
Ұпайлар:
100 (partial)
Уақыт шектеуі:
1.0s
Жад шектеуі:
256M
Author:
Problem types
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Go, Java, Kotlin, Pascal, Perl, PHP, Python, Sed, Text
Сізге үш бүтін сан берілген: \(A\), \(B\) және \(C\).
Олардың арасында екі сан бірдей, ал біреуі қалғандарынан ерекшеленеді.
Мысалы, егер \(A=5\), \(B=7\), \(C=5\) болса, онда \(A\) және \(C\) бірдей, ал \(B\) ерекшеленеді.
Берілген үш санның арасынан қалғандарынан ерекшеленетін санды табыңыз.
Енгізу
Жалғыз жолда үш бүтін сан берілген: \(A\), \(B\) және \(C\) (\(-100 \le A, B, C \le 100\)).
Екі сан бірдей, ал біреуі ерекшеленетіні кепілдендірілген.
Шығару
Бір бүтін санды шығарыңыз — қалғандарынан ерекшеленетін сан.
Бағалау жүйесі
| Топ | Қосымша шектеулер | Ұпайлар | Қажетті топтар |
|---|---|---|---|
| 1 | \(A = B\) екені кепілдендірілген | 20 | — |
| 2 | \(A = C\) екені кепілдендірілген | 20 | — |
| 3 | Толық шектеулер | 60 | 1, 2 |
Мысалдар
Енгізу 1
5 7 5
Жауап 1
7
Енгізу 2
1 1 2
Жауап 2
2
Енгізу 3
3 3 30
Жауап 3
30