Айбар vs Назарбек


Шешімді жөнелту

Ұпайлар: 0
Уақыт шектеуі: 1.0s
Жад шектеуі: 256M

Problem types

Айбар (aibark) және Назарбек (Na2a), қазіргі уақытта чемпионаттың кестесінде топ бастап келеді. Барлық \(4\) тур аяқталды деп елестетейік. Айбардың және Назарбектің әр турда алған ұпайлары белгілі: \(A_1, A_2, A_3, A_4\) және \(N_1, N_2, N_3, N_4\). Қорытынды кестеде олардың қайсысы жоғары болатынын анықтауды сұраймыз.

Әр турда қатысушыларға ұпайлар беріледі. Ұпайлар келесі формуламен есептелінеді \[tour\_pts := 100*(solved/max\_solved)*(participants-1)/(participants+rank-2) + \text{GP100},\] мұндағы

  • \(solved\) - дұрыс шығарған есептер саны;

  • \(max\_solved\) - бірінші орын шығарған есептер саны;

  • \(participants\) - қатысушылар саны;

  • \(rank\) - турдың кестесіндегі орны;

  • \(\text{GP100}\) - олимпиаданың регламентінде жазылған кестеге сай.

Барлық \(4\) турдан кейін қортынды кестеде ең үздік үш өнер көрсеткенің қосындысы алынады. Кімнің ұпайы көп, сол кестеде жоғары орналасады. Бұл есепте екеуінің ұпайы бірдей болса, тең түсті деп есептейміз.

Input

Бірінші жолда \(4\) бүтін сан \(A_1,A_2,A_3,A_4\) (\(0 \le A_i \le 200\)) – Айбардың әр турдағы ұпайы.

Екінші жолда \(4\) бүтін сан \(N_1,N_2,N_3,N_4\) (\(0 \le N_i \le 200\)) – Назарбектің әр турдағы ұпайы.

Барлығы бүтін сандар.

Output

Айбар жоғары болса 'aibark', ал Назарбек жоғары болса 'Na2a' деп шығарыңыз. Тең түсіп жатса, онда 'Tekor' деп шығарыңыз.

Sample Input 1

200 170 170 0
170 200 135 150

Sample Output 1

aibark

Sample Input 2

200 170 135 0
170 200 122 157

Sample Output 2

Na2a

Sample Input 3

200 100 200 0
170 130 130 200

Sample Output 3

Tekor

Notes

'Tekor' – алдыңғы жылғы чемпион Таймас Қорғанбаевтың хэндлы.

Бірінші мысалда Айбар ұтады: \(200+170+170 = 540 > 527 = 170+200+157\). Екінші мысалда Назарбек: \(200+170+135 < 170+200+157\). Үшіншісінде тең түседі: \(200+100+200 = 170+130+200\).


Пікірлер

Қазіргі уақытта ешқандай пікір жоқ.