Гүлдер дүкені
Гүлдер дүкенінде \(n\) түрлі гүлдер бар. Түрі \(i\)-ға тең \(a_i\) гүл бар. Әрбір сатып алуға болатын гүлдер букеті \(k\) гүлден тұрады және де егер бірінші гүлдің түрі \(d\) болса, екінші гүлдің түрі \(d+1\), үшінші гүлдің түрі \(d+2\), төртінші гүлдің түрі \(d+3\), тағы сол секілді \(k\)-шы гүлдің түрі \(d+k-1\) болуы керек.
Батырхан мейлінше көбірек гүлдер букеттерін сатып алғысы келеді. Ол кімге және не үшін сатып алатыны жұмбақ болып қала берсін. Батырханға ең көп дегенде неше букет сатып алуға болатынын табуға көмектесіңіз.
Енгізу
Бірінші жолда екі бүтін сан \(n\) мен \(k\) \((1 \le n,k \le 200000)\) беріледі.
Екінші жолда \(n\) бүтін сандар \(a_1,a_2,...,a_n\) \((0 \le a_i \le 10^9)\) беріледі.
Шығару
Жауапқа бір бүтін сан шығарыңыз - ең көп дегенде сатып алуға болатын букеттер саны.
Мысалдар
Енгізу 1
5 3
2 1 3 4 2
Жауап 1
3
Енгізу 2
9 7
4 3 5 4 5 4 4 5 2
Жауап 2
4
Пікірлер