Аюларды аулау


Шешімді жөнелту

Ұпайлар: 1
Уақыт шектеуі: 1.0s
Жад шектеуі: 256M

Author:
Problem types
Рұқсат етілген тілдер
Assembly, Awk, Brain****, C, C++, Go, Java, Pascal, Perl, PHP, Python, Sed, Text

\(n\) төбе мен \(n-1\) қабырғадан тұратын және кез-келген төбеден басқа барлық төбеге баруға болатын граф (яғни ағаш) берілген. Ағашта бір аңшы мен \(m\) аю орналасқан. Бастапқыда олар барлығы әртүрлі төбелерде орналасқан.

Ойын раундтар бойынша өтеді. Әр раундта алдымен барлық аюлар бір уақытта қозғалады: әр аю көрші төбеге өте алады, бірақ аңшымен арақашықтық азайтатын қозғалысқа (яғни «аңшыға қарай» жүру) тыйым салынған. Одан кейін аңшы бір қадам жасап, көрші төбеге өтеді. Барлық қатысушылар бір-бірінің орналасқан төбелерін біліп отырады және оптималды түрде ойнайды: аюлардың мақсаты — ұсталып қалмау; аңшының мақсаты — кем дегенде бір аюды ұстау. Аюлар ақылдасып, бір ұжым ретінде әрекет етеді.

Егер аңшы қозғалғаннан кейін, сол барған төбеде тек бір ғана аю болса, аңшы оны ұстап, ойын оның жеңісімен аяқталады. Бірақ егер екі тарап та оптималды ойнап, аңшы ақырында бірде-бір аюды ұстай алмаса, аюлар жеңеді.

Сіздің мақсатыңыз — "Екі тарап та оптималды ойнаса, аңшы жеңіске жете алады ма?" сұрағына жауап беру.

Енгізу

Әр тест бірнеше кіші тесттерден тұрады. Бірінші жолдағы \(t\) саны (\(1 \le t \le 10^4\)) — кіші тесттердің саны. Келесі жолдарда әр кіші тест бір-бірлеп сипатталады.

Әр кіші тесттің бірінші жолында үш сан — \(n\), \(m\) және \(h\) беріледі (\(1 \le m \lt n \le 2*10^5\)), (\(1 \le h \le n\)). Олар ағаштағы төбелер саның, аюлар саның және аңшының бастапқы орналасқан төбесін білдіреді.

Келесі \(n-1\) жолдың әрқайсысында екі бүтін сан \(u_i\) және \(v_i\) тұрады (\(1 \le u_i,v_i \le n, u_i≠v_i\)) — \(i\)-ші қабырға байланыстыратын төбелер.

Келесі жолда \(m\) бүтін сан \(a_1,a_2,...,a_m\) беріледі — аюлардың бастапқы орналасқан төбелерінің нөмірлері.

Барлық кіші тесттер бойынша \(n\) санының қосындысы \(2*10^5\)-нен аспайды.

Шығару

Әр кіші тест үшін жеке жолға "YES" немесе "NO" (тырнақшасыз) шығарыңыз: егер оптималды ойында аңшы жеңсе — "YES" ; егер аюлар жеңсе — "NO".

Мысалдар

Енгізу 1
4
5 2 1
1 2
1 3
2 4
2 5
2 5
4 2 1
1 2
1 3
2 4
2 3
4 3 1
1 2
2 3
3 4
2 3 4
6 5 6
6 5
5 4
5 3
3 2
3 1
3 2 5 4 1
Жауап 1
NO
YES
NO
YES