Қайда шығару керек?
Бекарыс жақсы программист болғысы келеді, сондықтан ол спорттық бағдарламалау платформаларында есептер шығара бастады. Темірлан ең жақсы бастау – Codeforces деп санайды, өйткені онда сапалы есептер бар, ал 800–1000 аралығындағы қиындық деңгейі жаңадан бастаушылар үшін өте қолайлы.
Бекарыс белгілі бір платформадан есеп таңдап, оның қиындық деңгейін белгіледі. Сіздің міндетіңіз – оның дұрыс таңдау жасағанын тексеру және сәйкес хабарламаны шығару.
Енгізу
Бір жолда екі мән беріледі:
Платформа атауы (үлкен-кіші әріптерді ескермейді, 20 таңбадан аспауы керек).
Бүтін сан \(d\) – есептің қиындығы \((0\leq d \leq 10000)\).
Шығару
Егер бәрі дұрыс болса: OK
Егер платформа қате, бірақ қиындығы дұрыс болса: Different platform
Егер платформа codeforces, бірақ қиындық деңгейі тым төмен \((< 800)\) болса: Too Easy
Егер платформа codeforces, бірақ қиындық деңгейі тым жоғары \((> 1000)\) болса: Too Hard
Егер платформа да, қиындық деңгейі де қате болса: Incorrect
Мысалдар
Енгізу 1
codeforces 900
Жауап 1
OK
Енгізу 2
codeforces 700
Жауап 2
Too Easy
Енгізу 3
codeforces 1001
Жауап 3
Too Hard
Енгізу 4
leetcode 900
Жауап 4
Different platform
Енгізу 5
atcoder 600
Жауап 5
Incorrect
Енгізу 6
CODEFORCES 1000
Жауап 6
OK
Енгізу 7
CodeForces 800
Жауап 7
OK
Пікірлер