Жарық мәселесі
Бөлмеде екі ажыратқыш орналасқан:
Бірінші ажыратқыш бөлме ішіндегі жарықты басқарады.
Екінші ажыратқыш бөлме сыртындағы жарықты басқарады.
Алайда, қай ажыратқыш ішкі жарыққа, ал қайсысы сыртқы жарыққа жауапты екенін білмейміз. Белгілісі – екі ажыратқыш та бірдей жұмыс істейді, яғни егер олардың бірі белгілі бір қалыпта (мысалы, жоғарыда) тұрса және сол ажыратқыш басқаратын жарық қосулы болса, онда дәл сондай қалыпта тұрған екінші ажыратқыш та өзіне тиесілі жарықты қосады. Сол сияқты, егер ажыратқыш басқа қалыпта (мысалы, төменде) болып, оның жарығы өшірулі тұрса, онда дәл сондай қалыптағы екінші ажыратқыш та өз жарығын сөндіреді.
Мадияр бөлме ішінде тұр. Ол екі ажыратқыштың күйін және бөлме ішіндегі жарықты көре алады, бірақ бөлме сыртындағы жарықты көре алмайды. Оған бөлме сыртындағы жарықты анықтау керек.
Енгізу
Бірінші жолда бүтін сан \(T\) берілген — тестілер саны (\(1 \leq T \leq 8\))
Әр тест мына мәліметтерден тұрады:
\(p\) — бірінші ажыратқыштың күйі (\(0\) — төмен, \(1\) — жоғары).
\(q\) — екінші ажыратқыштың күйі (\(0\) — төмен, \(1\) — жоғары).
\(s\) — бөлме ішіндегі жарықтың күйі ("on", егер жарық қосылған болса; "off", егер өшірілген болса).
Шығару
Әр тест үшін бөлме сыртындағы жарық қосылған болса "on", өшірілген болса "off" деп шығарыңыз.
Мысалдар
Енгізу 1
3
0 0 on
0 1 off
1 0 on
Жауап 1
on
on
off
Ескертпелер
Бірінші мысалда Мадияр екі ажыратқыштың да «төмен» күйінде тұрғанын және бөлме ішіндегі жарықтың қосылғанын көреді. Екі ажыратқышта бірдей жұмыс істейтіндіктен, бөлме ішіндегі жарықты басқаратын ажыратқыштың күйі бақылаған күйге сәйкес келеді. Осылайша, сыртқы жарықты басқаратын ажыратқышта да сол күйде болғандықтан, ол да қосылған күйді белгілейді. Сондықтан сыртқы жарық қосылған, және жауап "on".
Пікірлер