Сарымсақтар vs. Зомби


Шешімді жөнелту

Ұпайлар: 100 (partial)
Уақыт шектеуі: 1.0s
Жад шектеуі: 256M

Author:
Problem type

Сарымсақтар vs. Зомби ойынының су жаңа шыққан жаңартылуында ойыншылар зомби рөлінде ойнау мүмкіндігіне ие болды! bthero және fractal бір-біріне қарама қарсы көптеген раундтар ойнап үлгерді және қазір келесі раундты ойнауға дайындалып жатыр. Жаңа раундта fractal зомби болып ойнайды, ал bthero ойын алаңына сарымсақтарды орналастырады.

Ойын алаңы n×m өлшеміндегі тордан тұрады. Әрбір (i,j) торкөзінде беріктігі ai,j болатын сарымсақ орналасқан. Сарымсақтың беріктігі — оны жою үшін қанша рет соғу керектігін көрсететін мән.

fractal ойынды бірінші бағанның кез келген торкөзінен (j=1) бастайды және келесі ережелер бойынша қозғалады:

  • Егер сарымсақтың беріктігі нөлден үлкен болса (ai,j>0), fractal сол сарымсаққа соққы береді (яғни ai,j-ды 1-ге азайтады) және одан кейін жоғарғы (i1,j) немесе төменгі (i+1,j) торкөздеріне өтеді, егер сондай торкөздер бар болса.

  • Егер сарымсақтың беріктігі нөлге тең болса (ai,j=0), fractal оң жағында орналасқан (i,j+1) торкөзіне өтуі керек.

fractal мақсаты ойын алаңынан ең аз қадам саны ішінде толықтай өту, яғни соңғы бағанға (j=m+1) мүмкіндігінше тезірек жетуі керек. fractal ойынның аяқталуы үшін минималды қанша қадам жасау керектігін анықтауға көмектесіңіз!

Енгізу

Кіріс деректерінің бірінші жолында екі бүтін сан n,m берілген — ойын алаңының жолдар саны мен бағандар саны (2n1500,1m1500).

Келесі n жолда m сан ai,j берілген — i-ші жолдағы j-ші бағандағы сарымсақтың беріктігі (0ai,j109).

Шығару

fractal (j=m+1) бағанына жету үшін минималды қадамдар санын шығарыңыз.

Бағалау жүйесі

Ішкі есептер Қосымша шектеулер Ұпайлар
1 m=1 6
2 ai,j20;n,m20 16
3 Барлық ai,j-лардың мәндері бірдей 11
4 n=2 11
5 ai,j1;n100;m1000 16
6 n100;m1000 25
7 15

Мысалдар

Енгізу 1
Көшіру
2 3
2 1 4
5 3 5
Жауап 1
Көшіру
17
Енгізу 2
Көшіру
2 4
3 0 0 3
1 0 1 0
Жауап 2
Көшіру
8
Енгізу 3
Көшіру
3 3
3 2 0
2 1 1
0 2 2
Жауап 3
Көшіру
7

Пікірлер

Қазіргі уақытта ешқандай пікір жоқ.